Вакцинаның сенімділігі қазан айында белгілі болады

Дайын болғанда нарыққа шығарылады.

1490888
Вакцинаның сенімділігі қазан айында белгілі болады

Американың дәрі фирмасы Pfizer жетілдіріліп жатқа жаңа коронавирус вакцинасының ықпалды болып болмайтынын қазан айының аяғына дейін анықтайтындарын білдірді.

Pfizer басшысы Альберт Бурла Американың CBS телеарнасына берген мәлімдемесінде соңғы сатысы жүріп жатқан вакцинаның «сенімді және ықпалды» болуы жағдайында жылдың аяғынан бұрын нарыққа шығарылатынын айтты.

Бурла вакцинаның ықпалдылығының қазан айының аяғына дейін анықталатынын айтып, вакцина лицензиясы және таралымы үшін дайындықты бастап кеткендерін атап көрсетті. Үшінші және соңғы сатысына келген вакцина 18-85 жас арасындағы 30 мың ерікті адамға егілді. Егілген адам санын 44 мың адамға көбейту жоспары бар.

Бурла вакцинаны өндіре бастағандарын,  табысты болған жағдайда жүз мыңдаған дозаның таратуға дайын болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар