Серрадж бен Хафтар кездесуі жайлы хабарлар негізсіз болып шықты

Ливия президенттік кеңесі мәлімдемешісі Галиб әл-Заклай мәлімдеме жасады.

1490997
Серрадж бен Хафтар кездесуі жайлы хабарлар негізсіз болып шықты

Ливия үкіметі премьер-министр Файиз эс-Серрадж және елдің шығысындағы көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтардың бейсенбі күні Францияның бас қаласы Парижде бас қосатыны жөніндегі жаңалықтар теріске шығарылды.

Ливия президенттік кеңесі мәлімдемешісі Галиб әл-Заклай Твиттерден жасаған мәлімдемеде «Халықаралық дәнекерлер қаншалықты үлкен болғанымен не жақын, не ұзақ келешекте нақты түрде мұндай бір бас қосу болмайды» деді.

Серрадждың Хафтармен нақты түрде  бас қоспайтынын білдірген Заклай кейбір араб телеканалдары мен халықаралық медиадағы жаңалықтардың негізсіз екенін баса айтты.

Intelligence Online атты барлау ұйымдарымен байланысы бар бір газет Парижде бейсенбі күні Тобруктағы Өкілдер Мәжілісі төрағасы Акиле Салих, көтерілісшіл Халифа Хафтар және Файиз Серрадж қатысатын бір саммиттің өтетінін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар