Еуропа Одағы-Қытай лидерлер жиналысы өтті

Си Цзиньпин басқа елдердің мемлекетінің ішкі істеріне килігуіне түбегейлі қарсы екендерін білдірді.

1490644
Еуропа Одағы-Қытай лидерлер жиналысы өтті

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин басқа елдердің мемлекетінің ішкі істеріне килігуіне түбегейлі қарсы екендерін білдірді. 

"Синьхуа" агенттігіндегі хабарға қарағанда Си Цзиньпин Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарль Мишель, Еуропа Одағы комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропа Одағы кезекті төрағасы Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің қатысуымен видеоконференция арқылы өткізілген  Еуропа Одағы-Қытай лидерлер жиналысында мәлімдеме жасады. 

Си Цзиньпин басқа елдердің мемлекетінің ішкі істеріне килігуіне, мемлекетте тұрақсыздық, келіспеушілік және былықпалық жарататын әрқандай күшке немесе адамға қарсы екендерін түсіндірді. 

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағы және Гонконг ерекше автономиялық аймағы тақырыбына тоқталған Си бұлардың ұлттық егемендіктерін қорғаумен байланысты екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар