Али Шемхани Нури әл-Маликимен кездесті

Али Шемхани Израильдің Ніл өзенінен Евфрат өзеніне дейін билік жүргізу ниетінде екенін білдірді.

1490550
Али Шемхани Нури әл-Маликимен кездесті

Иран Ұлттық Қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің Бас хатшысы Али Шемхани Израильдің "Бейбітшілік жобасы" арқылы Ніл өзенінен Евфрат өзеніне дейін билік жүргізу ниетінде екенін айтты.

Иран мемлекеттік баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Шемхани астана Тегеранда  Ирак Заң елі коалициясының лидері және бұрынғы премьер-министр Нури әл-Маликимен аймақтағы соңғы оқиғаларды кеңесті.

Шемхани Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейннің Израильмен қарым-қатынастарын қалыпқа түсіру  келісіміне наразылық көрсетіп:

"АҚШ сионистік режим Израильдің қауіпсіздігін қамдау және араб елдеріне билік жүргізу үшін аймақ елдерін әлсіретуде. Израиль "Бейбітшілік жобасы" арқылы Ніл өзенінен Евфрат өзеніне дейін билік жүргізу ниетінде, алайда мұны іске асыра алмайды" деді.

Нури әл-Малики де Иранның террормен күресте маңызды рол атқарғанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар