Ливиядағы ереуілде 1 кісі қаза тапты

Халифа Хафтарды қолдаушы ауыз жүзіндегі үкімет Мәжіліс төрағасына отставкасын ұсынды.

1489845
Ливиядағы ереуілде 1 кісі қаза тапты

Ливияның шығысындағы заңсыз күштердің қолбасшысы Халифа Хафтар басқаруындағы Мерч қаласында өмір сүрудің қиындағанын процест еткен ереуілшілерге сарбаздардың оқ атуы салдарынан бір кісі қаза тапты, бір кісі жараланды. 

Ливия Ел-Ахрар арнасы Бингази мен Мерч қалаларында көшеге шыққан ереуілшілер электрдің үзілуі, парақорлық, өнімдердің қымбаттығы, жалақының төленбеуі және су берілмеуі сияқты өмір сүруді ауырластырған шарттарды протест еткенін хабарлады.

Арнаның Ливия Қылмыс бақылау ұйымына сілтеме берген хабарында Хафтар сарбаздарының Мерч қаласындағы ереуілшілерге оқ атуы себепті бір кісінің қаза тапқаны,  бір кісінің жараланғаны білдірілді.

Халифа Хафтарды қолдаушы ауыз жүзіндегі үкімет 3 күннен бері жалғасқан ереуілдер себепті Тобруктағы Өкілдер Мәжілісінің төрағасы Акиле Салихқа отставкасын ұсынған. 

Отставканың бағаландыру үшін Мәжіліске ұсынылатыны білдірілді, уақыты айтылмады. 



Ұқсас жаңалықтар