ЕО Қырымдағы сайлауды мойындамайды

Еуропа сайланғандарды да қабылдамайтынын білдірді.

1490347
ЕО Қырымдағы сайлауды мойындамайды

Еуропа Одағы Қырымда Ресей жасаған сайлауды танымайтынын білдірді.

ЕО сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррель тақырыпқа байланысты хабарламасында Ресей Федерациясында аймақтық және жергілікті сайлаудың,  Ресей 2014 жылы аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Севастополь қаласында әкімдік сайлауының жүргізілгенін еске салды.

Боррель: «Еуропа Одағы Қырымның Ресей тарапынан заңсыз аннексиясын танымады. Сондықтан Қырым түбегіндегі сайлауды да мойындамайды» деді.

Ресейдің сайлауы нәтижесінде сайланғандардың да қабылданбайтынын атап көрсеткен жоғары комиссар Қырым мен Севастопольдің Украина жері екенін білдірді. Ол Еуропа Одағының Украинаның территория тұтастығы және егемендігіне қолдау беруін жалғастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар