Әлем көлемінде вирустан өлім-жітім 923 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны болса 20 миллион 731 мыңнан асты.

1489524
Әлем көлемінде вирустан  өлім-жітім 923 мыңнан асты

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 923 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 28 миллион 892 мыңнан,  жазылып кеткендер саны болса 20 миллион 731 мыңнан асты.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда жан шығыны 41 мың 623. Елде 365 мың 174 адам вирус жұқтырды.

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрінен 6 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 35 мың 603-ке  жетті. 1501 жаңа оқиға қосылып, ковид жұқтырғандар саны 286 мың 297 болды. 

Францияда соңғы 24 сағатта 17 адам қайтыс болды. Осылайша өлім-жітім жалпы 30 мың 910, 10 мың 561 адам вирус жұқтырып, инфекция жұқтырғандар саны 373 мың 911-ге өсті.



Ұқсас жаңалықтар