Вирус салдарынан шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Үндістанда соңғы 1 тәулікте Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 76 мың 336-ға жетті.

1488869
Вирус салдарынан шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 914 мың 256-дан, расталған оқиға саны 28 миллион 351 мың 975-тен асты. Сауығып кеткендер саны 20 миллион 357 мың 355 болды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 76 мың 336-ға жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 96 мың 551 адам қосылып, жалпы 4 миллион 566 мың 726-дан асты.

Африка құрлығындаэпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 32 мың 178-ге, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 336 мың 407-ге өсті.

Құрлықта Оңтүстік Африка Республикасы қазірге дейін 15 мың 265 адам өлімімен эпидемиядан ең көп адам қайтыс болған ел. Иранда 22798, Мысырда 5590, Алжирде 1591 адам қайтыс болды.

Сауд Арабиясында эпидемия салдарынан көз жұмған 24 адамды қосқанда, өлім-жітім 4 мың 189-ға, расталған оқиға саны 323 мың 720-ға жетті. 



Ұқсас жаңалықтар