Иран армиясы әскери жаттығу жасай бастады

Иран армиясы құрлық, теңіз және әуе күштерінің қатысуымен Ормуз бұғазы және Оман шығанағын қамтыған кең бір алаңда әскери жаттығу жасай бастады.

1488186
Иран армиясы әскери жаттығу жасай бастады

Иран армиясы құрлық, теңіз және әуе күштерінің қатысуымен Ормуз бұғазы және Оман шығанағын қамтыған кең бір алаңда әскери жаттығу жасай бастады. 

Иман мемлекеттік теледидардың хабарына қарағанда "Зулфикар-99" атты және Ормуз бұғазы, Макран жағалауы, Оман шығанағы мен Солтүстік Үнді мұхитты қамтыған  кең бір алаңда өткізілетін әскери жаттығу үш күн жалғасады. 

Жаттығуға құрлықтан құрлыққа және құрлықтан теңізге, құрлықтан аспанға және аспаннан құрлыққа зымарандардың атылатыны, сондай-ақ ұшқышсыз әуе көліктерінің сынақтан өткізілетіні білдірілуде. 

Енді бір жағынан Иран армиясынан жасалған мәлімдемеде Америка Құрама Штаттарына тиесілі ұшқышсыз әуе көліктерінің жаттығу аймағынан ақпарат жинау мақсатымен әрекет жасағаны және бұларға ескерту жасалғаны баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар