Еуроодақ Ковид-19 вакцинасын алу келісімін жасасты

Еуропа Одағы Ковид-19 вакцинасынан 200 миллион доза сатып алу үшін келісім жасасты.

1487825
Еуроодақ Ковид-19 вакцинасын алу келісімін жасасты

Еуропа Одағы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы дәрі фирмасы BioNTech-Pfizer өндірген вакцинадан 200 миллион доза сатып алу үшін келісім жасалғанын хабарлады.

Еуропа Одағы комиссиясы Америка дәрі фирмасы Pfizer мен Германия биотехнология фирмасы BioNTech тарапынан жетілдірілген Ковид-19 вакцинасын алуға бағытталған бақылау және тану мақсатындағы кездесулердің аяқталғанын жариялады.

Мәлімдемеде жетілдірілген вакцинаның Ковид-19 індетіне қарсы сенімді және әсерлі екені дәлелденгеннен кейін Еуроодаққа мүше елдер атынан 200 миллион доза алынатыны, сонымен бірге келісімде 100 миллион доза қосымша вакцина алу талғамының да қамтылғаны білдірілді.       

Еуропа Одағының қазірге дейін Sanofi-GSK, Johnson & Johnson, CureVac, Moderna фирмаларымен вакцина сатып алу кездесулерін өткізгені білдірілген мәлімдемеде AstraZeneca фирмасымен келісім жасасқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар