Германия 160 елге саяхат шектемесін ұзартты

Еуропа Одағы 160 елге жасалған саяхат ескертуінің 30 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлады.

1487839
Германия 160 елге саяхат шектемесін ұзартты

Германия 160 елді қамтыған саяхат ескертуін 30 қыркүйекке дейін созды. 

Сыртқы істер министрлігінің  мәлімдемешісі Мариа Адебахр Федерал Германия Баспасөз орталығында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Еуропа Одағы елдерінен тыс 160 елге 14 қыркүйекке дейінгі саяхат ескертуін 30 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлады.

Мариа Адебахр 1 қазанда үкіметтің коронавирус тақырыбын қайтадан талқылайтынын, әрбір елдің жеке-жеке бағаланатынын және соған қарай ұзарту шешімі жасалатынын білдірді.

Неміс Саяхат агенттігі одағының төрағасы Норберт жазбаша мәлімдемесінде 1 қазанда көлемді ескертудің орнына әрбір елге өзгеше ескерту жүйесін белгілеудің тура қадам болатынын білдірді.

Германия 17 наурызда 200 елге саяхат ескертуін жариялаған, артынан сатылы түрде Еуроодақ және кейбір елдерге ескертуді жойған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар