Вакцина сынағы тоқтатылды

Сынақ бір ерікті науқастанғандықтан  тоқтатылды.

1487509
Вакцина сынағы тоқтатылды

AstraZeneca атты дәрі фирмасы жетілдірген коронавирус вакцинасының сынақтары тоқтатылды. Сынақ бір ерікті науқастанғандықтан  тоқтатылды.

Фирма хабарлама жариялап,  бір кісіде “анықталмаған ауру” байқалғаннан кейін сынақтардың тоқтатылғанын білдірді. Медициналық парақша STAT-та жарияланған хабарда вакцинаның тесттерінің көптеген елде жүргізілгені,  науқастанған кісінің Ұлыбританияда екені хабарланды. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Др. Тедрос Гебрейесус ковид үшін көптеген вакцина кандидаты бар екенін,  бұлардың ішінен тек “ықпалды” және “сенімді” вакциналардың қолданылатынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар