Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Испанияда оқу жылы сатылы түрде басталды.

1487376
Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 900 мыңнан асты.  Оқиға саны 27 миллион 62 мыңнан, сауығып кеткендердің саны 19 миллион 734-тен асты. 

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрінен 10 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 35 мың 563-ке  жетті. 1370 жаңа оқиға қосылып, ковид жұқтырғандар саны 280 мың 153 болды.  Премьер-министр Джузеппе Конте жарлыққа қол  қойып, кейбір елдерде саяхат тыйымын 7 қазан күніне дейін созды. 

Францияда соңғы 24 сағата 38 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім жалпы 30 мың 764-ке, 6 мың 544 адам вирус жұқтырып, инфекция жұқтырғандар саны 335 мың 524-ке жетті. Елде тестердің позитив шығу көрсеткіші 5,2 пайызға жетті. 

Испанияда ковидтен бір аптада 261 адам қайтыс болды. Жалпы адам шығыны 29 мың 594 болды. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 8 мың 964 жаңа оқиға тіркелгенін,  вирус жұқтырғандардың санының  534 мың 513-ке жеткенін білдірді. Осы арада Испанияда сатылы түрде басталған жаңа оқу жылы шеңберінде бас қала Мадридтегі балабақша мен бастауыш мектептерде сабақ басталды.  Қаладағы Француз лицейінде бір сынып ковидке байланысты карантинге алынып, оқушылар үйлеріне жіберілді.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі ковид салдарынан соңғы 24 сағатта  үш адамның қайтыс болғанын және 388 жаңа оқиға тіркелгенін хабарлады.  Елде адам шығыны 1846-ға, оқиға саны да 60 мың 895-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар