Басты тақырып - Аракан мұсылмандары

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) 53-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды.

1487687
Басты тақырып -  Аракан мұсылмандары

Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди Аракан мәселесінде туындаған гуманитарлық мәселелерді шешу үшін баспана іздеушілердің қайтарылуы қамтамасыз етілуі керек деп мәлімдеді.

Марсуди Аракан проблемасын бүгін онлайн түрде басталған  Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) 53-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ерекше атап өтті. Марсуди Индонезияның халықаралық және аймақтық мәселелердің ішіндегі қазіргі басымдығы Аракан мәселесі екенін айтты.

Теңізде жиі қауіпті сапарлар жасайтын Рохинджа мұсылмандары проблемасының негізгі шешімі босқындардың өз елдеріне қайтуына мүмкіндік беру екенін алға тарта отырып Марсуди әйтпесе жағдайдың шексіз дағдарысқа айналатынын  білдірді.

Марсуди сонымен қатар Индонезияға 24 маусым мен 7 қыркүйек арасында келген 400-ге жуық аракандық мұсылманды қабылдағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар