Ливия келіссөз жиналысы Мароккода басталды

Ливия премьер-министрі және Өкілдер Мәжілісі төрағасы бітімге шешім қабылдағандарын жариялаған болатын.

1486246
Ливия келіссөз жиналысы Мароккода басталды

Ливия үкіметі мен елдің шығысындағы көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтердің саяси одақтасы Тобурук Өкілдер Мәжілісі арасында екі күнге созылуы жоспарланған келіссөз жиналысы Марокконың Бузника қаласында басталды.

Жиналыстың ашылу рәсімінде сөйлеген Ливия Мемлекеттік Жоғары Кеңесі Өкілі Абдусселам эс-Сафрави «дағдарысты шешу, бөлшектенудің алдын алу және жаңа бір соғыстың басталмауы үшін барша жауапкершілік алуымыз керек» деді.

Сафрави келіссөздің елдегі шатақтан құтылып, саяси кезеңнің басталуына үлес қосатынын білдірді.

Марокко Сыртқы істер министрі Насыр Бурита болса жиналыспен байланысты «Ливия дағдарысын жоятын келісімдердің бастамасы болуы мүмкін» деді.

Ливия келіссөз жтналысына Ливия Мемлекеттік Жоғары Кеңесі және Хафтердің саяси одақтасы Өкілдер Мәжілісінен тұратын екі делегация қатысуда.

Ливия премьер-министрі Файиз эс-Серрадж және Өкілдер Мәжілісі төрағасы Акиле Салих 21 тамыз күні бітімге шешім қабылдағандарын жариялаған болатын.

Бітім шешімінде Сирте мен Джуфраның қарудан тазаланған аймақтар болуы, елдің мұнай өндірісі және экспортының қайтадан басталуы, шетелдік және ақылы жауынгерлердің ел шекараларынан шығарылуы және Президенттік Кеңес пен халпы халықтық сайлаудың келесі наурыз айында өткізілуі қамтылады.



Ұқсас жаңалықтар