Израильде кейбір аймақтарда карантин болады

Вирус жұқтыру оқиғасы 26 миллион 475 мың 570 ретінде тіркелді.

1484568
Израильде кейбір аймақтарда карантин болады

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 873 мың 300-ге жақындады.  Вирус жұқтыру оқиғасы 26 миллион 475 мың 570 ретінде тіркелді.  Сауығып кеткендер болса 18 миллион 665 мың 740 –тан асты.

Үндістанда 1096 адам қайтыс болып,  қайтыс болғандардың жалпы саны 68 мың 569-ға жетті.  Елде соңғы бір тәулікте 83 мың 341 жаңа вирус жұқтыру оқиғасы анықталды.  Вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 936 мың 747-ге жетті.

Эпидемияда 985 адам қайтыс болған Израильде соңғы бір тәулікте шамамен үш мың оқиға тіркелді.  Әкімшілік вирус тараған отыз қала мен ауданда карантин жариялауға шешім қабылдады.  Карантин бойы адам кіріп шықпайтын осы аймақтарда қоғамдық көліктер тоқтатылады, мектептер жабылады. Дүкендер,  наубайхана, дәріханадан басқасы ашылмайды.

Ковид эпидемиясында соңғы 24 сағатта Қытайда 25, Оңтүстік Кореяда болса 198 оқиға тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар