Уруский Түркияның талпынысына қайран қалды

Олег Уруский өз қаруларын жасау тақырыбында түрік еңбекшілдігі мен талпынысының әсерлі екеніне назар аударды.

1483762
Уруский Түркияның талпынысына қайран қалды

Украина премьер-министрінің орынбасары және Стратегиялық өнеркәсіпке жауапты министрі Олег Уруский өз қаруларын жасау тақырыбында түрік еңбекшілдігі мен талпынысының әсерлі екенін айтты.

Олег Уруский Украина хабар агенттігі Ukrinform-ға жасаған мәлімдемесінде Түркияның өнеркәсіп өндірісінің 15 жылдың алдындағымен салыстырғанда өте керемет өреге жеткенін білдірді. 

"Өнеге тұтуға тиісті көптеген түйін бар. Түркияда қорғаныс өнеркәсібі мемлекет және жекеменшік талпыныстар тең құқыққа және мүмкіндікке ие кәсіпорын" деген Олег Уруский өз қаруларын жасау тақырыбында түрік еңбекшілдігі мен талпынысының әсерлі екеніне назар аударды. 

Түркияның ұлттық адамсыз әуе көліктері мен тікұшақтарын өндіргенін ескерткен Уруский мұның түрік лауазымдылардың топтық стратегиялық ой-пікірінің нәтижесі екенін атап өтті.

Уруский елдер арасындағы стратегиялық ортақтықтың алғашқы қадамы мотор, ұшақ, сауытты көлік, зымыран, электроникалық әскери жабдықтар өндірісі саласында жасалатынын айтты.

Олег Уруский төраға болған Украина делегациясы өткен апта Түркияға үш күндік ресми сапармен келді.    



Ұқсас жаңалықтар