Пәкістанда 6 күнде 63 кісі қаза тапты

Карачиде 23 тамызда басталған нөсерлі жаңбырлар себеп болған апаттарда қаза тапқан адам саны 47 кісіге көбейді.

1483748
Пәкістанда 6 күнде 63 кісі қаза тапты

Пәкістанның солтүстік батысындағы Хайбер Пахтунва уәлаятында әсерлі болған нөсерлі жаңбыр мен сел апатында 15 кісі қаза тапты.

Хайбер Пахтунва апат әкімшілік басқармасының мәлімдемешісі  Теймур Хан  нөсерлі жаңбыр себепті тау жолдарын тосқан топырақ көшкіні себепті аймаққа келген ондаған туристің құтқарылғанын айтты.

Аймақта 15 кісінің қаза тапқаны, көптеген үйдің зақымдалғаны білдірілді.

Пәкістанда тамыз айынан бері нөсерлі муссон жаңбырлары себепті 6 күнде 63 адам қаза тапты.

Карачиде 23 тамызда басталған нөсерлі жаңбырлар себеп болған апаттарда қаза тапқан адам саны 47 кісіге жеткені жарияланды.

Нөсерлі жаңбыр себепті жедел жәрдем беру қызметтері тоқтауға  таяған Карачи қаласында топтық тасымал қызметі де үзіліске ұшырады. 

Хабарларда жарияланған суреттерде жүздеген көліктің суда жүзіп жүргені, электр діңгектерінің және ағаштардың құлағаны көрсетілді.    



Ұқсас жаңалықтар