Ковид-19 вакцина сынағы басталды

"AZD1222"  атты вакцина үміткері 18 жастан жоғарғы 30 мың адамға сыналады.

1483752
Ковид-19 вакцина сынағы басталды

Ұлыбританияда Оксфорд университетінің Англия-Швеция дәрі зауыты AstraZeneca ынтымақтастығымен жетілдірген жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасының үшінші және соңғы клиникалық сынамалары АҚШ-та басталғаны жарияланды.

"Clinical Trials Arena" интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда   "AZD1222"  атты вакцина үміткері 18 жастан жоғарғы 30 мың адамға сыналады. 

Вакцина үміткері дененің Ковид-19-ға қарсы қорғаушы антикорлар өндіріп, вирусқа қарсы иммунитеттік күш жинауын мақсат етеді. 

Вакцина үміткерінің бірінші және екінші клиникалық сынамалары Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада жасалды, Бразилияда 5 мың адам қатысқан үшінші клиникалық сынамалары басталды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы санағына қарағанда 28 тамыздан бастап әлем көлемінде Ковид-19 індетіне қарсы 33 вакцина үміткері клиникалық сынама кезеңіне кірді. 143 вакцина үміткері клиника алдындағы бағаландыру сатысында тұр. 



Ұқсас жаңалықтар