Әйел тұтқындар босатылады

Пәкістан премьер-министрі 1184 әйелдің босатылуына нұсқау берді.

1484102
Әйел тұтқындар босатылады

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан түрмеде жатқан 1184 әйелдің босатылуына нұсқау берді.

Хан Твидтер парақшасында лауазым иелеріне тұтқында жатқан және сотталған әйелдердің еркін жіберілуін бұйырғанын жазды.

Ол сәуір айында коронавирус сақтық шаралары шеңберінде Жоғары сот тарапынан берілген шешімге назар аударып: «Адам құқықтары министрі Ширин Мазари және адвокат Али Зафармен кездесуден кейін сотталған және тұтқындалан 1184 әйелдің босатылуы үшін осы шешімнің орындалуын талап еттім» деп жазды.

Мазари болса премьер-министрдің осы шешімінің «адам құқықтары және адами қимылдау тұрғысынан үлкен жетістік» екенін айтты.

Пәкістанда 14 түрменің әлеуеті 57 мың 742 адам деп жарияланса,  осы түрмелерде 77 мың 275 тұтқын отыр.



Ұқсас жаңалықтар