Ең көп медқызметкер Мексикада қайтыс болды

Мексикада 1320, Америка Құрама Штаттарында 1077, Ұлыбританияда 649 және Бразилияда 634 медициналық қызметкер қайтыс болды.

1484174
Ең көп медқызметкер Мексикада қайтыс болды

Коронавирус эпидемиясы салдарынан ең көп медициналық қызметкер қайтыс болған ел – Мексика.

Халықаралық Амнистия ұйымының есебінде эпидемия кезінде Мексикада 1320, Америка Құрама Штаттарында 1077, Ұлыбританияда 649 және Бразилияда 634 медициналық қызметкердің қайтыс болғаны айтылды.

Эпидемия басталғалы бері Мексикада 97 мың 632 медбике, дәрігер және басқа қызметкерлердің коронавирус тестінің позитив шыққаны атап көрсетілді. Вирус жұқтырған осы кісілердің 42 пайызы медбикелер, 27 пайызы дәрігерлер және 31 пайызы басқа медқызметкерлерден тұратыны айтылды.

Есепте мексикалық лауазым иелерінің барлық медициналық қызметкерлерге бір рет тест жасалғаны туралы мақтанғанына қарамастан,  мұның жеткіліксіз екені атап көрсетілді. «Ауруханаларда тазалық қызметкерлерінің инфекцияларға қарсы қорғансыз екені жөнінде нақты деректер бар» деп айтылды.

Халықаралық Амнистия ұйымы Экономикалық және әлеуметтік әділет төрағасы Стив Кокбурн әлем көлемінде жеті мыңнан астам медициналық қызметкердің қайтыс болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар