Минскте шеру

Қауіпсіздік күштері шерушілердің Президенттік сарайға жылжуына кедергі болды.

1481778
Минскте шеру

Беларусьте президенттік сайлаудың қорытындысына қарсы шыққан және Президенттік сарайға қарай жылжығысы келген шерушілерге полиция кедергі жасады.

Минскіде Тәуелсіздік алаңында жиналуға рұқсат етілмеген шерушілер қолдарына Беларусьтің 1995 жылға дейінгі ақ-қызыл-ақ байрағын алып,  Стелла алаңына қарай шеру жасады.

Әскерлер тікенді сымдармен қоршалған Стелла алаңындағы ескерткіш алдында күтіп тұрып,  шерушілерді осы аймаққа жақындатпады. Қауіпсіздік күштері сауытты көліктерден шерушілердің тез таратуын талап етті.

Алаңда жиналған мыңдаған адам артынан Президенттік сарайға қарай жылжығысы келді.

Қауіпсіздік күштері қалған және көліктермен барикада құрып,  Президенттік сарайға баратын жолды жауып тастады. Барикада алдына жиналған шерушілер 66 жасқа толған Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы ұран тастады. Артынан жаңбыр басталып,  шерушілердің көбі тарады.

Қала орталығында шеру басталған кезде үзылген мобильдік интернет желісі қайтадан жұмыс істей бастады.

Ішкі істер министрлігі Минсктегі шеруді 140 кісінің ұсталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар