Маас қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды

Хайко Маас: "Шығыс Жерорта теңізінде Афины мен Анкара арасында тікелей кездесу өткізу керек" деді.

1480354
Маас қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Шығыс Жерорта теңізіндегі алауыздықта дипломатиялық шешімнің қажет екенін айтты.

Хайко Маас астана Берлинде ұйымдастырылған Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері бейресми жиналысы алдында жасаған мәлімдемесінде Түркия мен Грекияның мәселелерді шешуі тақырыбында тікелей кездесулер өткізу  мақсатымен алғы шарттардың дайындалуы үшін талпынатындарын білдіріп, әскери жақтан бетпе-бет келмеу үшін түрліше жәрдемді беретіндерін айтты.

Хайко Маас:

"Бұл қақтығысқа дипломатиялық шешім қажет. Мұны Афины мен Анкарадағы кездесулерімде екі тарап та маған айтты.  Шығыс Жерорта теңізіндегі қақтығыстарды ешкім әскери кемелермен шешкісі келмейді. Олай болса, Афины мен Анкара арасында тікелей кездесу өткізу керек" деді.

Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері бейресми жиналысында Беларусьтағы оқиғалар да талқыланғанын айтқан Маас Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қысымды қалай арттыруды бағалағандарын айтты.

Хайко Маас алғашқы тексеруде уланғаны анықталған және Берлинде емделіп жатқан Алексей Навальний жөнінде Ресейден бұл оқиғаның нақтылануы үшін көмек сұрағандарын білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар