Сирияда АҚШ пен орыс әскери көліктері соқтығысты

CNN телеарнасы 4 АҚШ әскерінің жарақат алғанын жариялады.

1479887
Сирияда АҚШ пен орыс әскери көліктері соқтығысты

Сирияда орыс әскери керуеніндегі бір көлік пен АҚШ әскери көлігінің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 4 АҚШ әскерінің жарақат алғаны білдірілді.

CNN телеарнасының хабарына қарағанда алдынғы күні Сирияның шығысында орыс керуенінен бір көліктің «әдейі» АҚШ армиясына тиесілі бір көлікке соқтығысуы салдарынан кем дегенде 4 АҚШ әскері жарақат алды.

Лауазымдылар апат болған алаңда орыс әскери тікұшағының жылдам және алшақтау ұшқанын, осының әсіресе алаңдағы әскерлерді тарқату үшін қолданылған бір тактика екенін атап көрсетті.

Хабарда алғашқы сәттен бастап АҚШ армиясының жағдайды білгенін, дегенмен Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) ресми түрде мәлімдеме жасамағанына назар аударылды.

Алайда АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі мәлімдемешісі Джо Улйот Сирияда сәрсенбі күні АҚШ әскери көлігінің орыс әскери көлігімен соқтығысқанын растады. Улйот жасаған мәлімдемеде 4 АҚШ әскері жарақат алған оқиғада «орыстардың айыпты екенін» және «өз әскерлерінің қызуды арттырмау үшін кері шегінгенін» білдірді.

Мәлімдемеде жаралы әскерлердің жағдайының ауыр емес екені де айтылды.



Ұқсас жаңалықтар