Джеймс Джеффри Анкараға келді

Джеффри Анкараға Женевадан келгенін білдіріп, Сирия мәселесі жайлы үлкен жаңалықтар болғанын айтты.

1479788
Джеймс Джеффри Анкараға келді

Америка Құрама Штаттарының Сириядағы арнайы өкілі Джеймс Джеффри және оның басшылығындағы делегация ресми сапармен Анкараға келді. 

Есенбоға әуежайында баспасөзге мәлімдеме жасаған Джеффри Анкараға Женевадан келгенін білдіріп, Сирия мәселесі жайлы үлкен жаңалықтар болғанын айтты. 

Джеффри Сирия атазаң комитеті жиналысының үшінші турын Женевада басталғанын еске салып, "Жақсы бір бастама. Түркия барлық азатаң комитет мүшелері, әсіресе де оппозицияны ынталандыруға көп жәрдем берді" деді. 

Джеффри Сириядағы жағдайға байланысты былай деді: "Бұл қақтығыстың әскери жағының аяқталуы керек. Режим тарапынан жеңіске жететін  көп негізі жоқ. Режимнің келіссөз үстеліне қайтуы керек. Бұл біздің көзқарасымыз. Түркия лауазым иелерімен бұл тақырып жайлы әңгімелесеміз". 

Джеймс Джеффри "Бұл жерде болған соңғы екі жылда осы сұраққа бірнеше рет жауап бердім. АҚШ Түркияның өте жақын одақтасы. Сирия тысында көптеген салада бұны дәлелдедік" деді. 

Сирия мәселесінің шешімінде Түркияның рөліне байланысты бір сұраққа орай Джеффри "Түркия орталық орында" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар