БАӘ йемендік 40 жауынгерді үкіметке қарсы соғысу мақсатты Ливияға жіберді

Йемен үкіметі сабында хоуситтерге қарсы соғысқан қолбасшылардың бірі Әділ әл-Хасени мәлімдеме жасады.

1478129
БАӘ йемендік 40 жауынгерді үкіметке қарсы соғысу мақсатты Ливияға жіберді

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) йемендік 40 ақылы жауынгерді заңды үкіметке қарсы соғысу мақсатты Ливияға жібергені атап көрсетілді.

Йемен үкіметі сабында оңтүстікте хоуситтерге қарсы соғысқан қолбасшылардың бірі Әділ әл-Хасени твиттер мен фэйсбук парақшаларынан жасаған мәлімдемеде БАӘ-нің йемендік 40 әскері орыс қауіпсіздік фирмасы Wagner-ге қарасты ақылы әскерлердің сабында заңды үкіметке қарсы соғысу үшін Ливияға жіберілгенін білдірді.

Аталған ақылы әскерлердің Сирте қаласына жіберілгенін атап көрсеткен Хасени БАӘ-нің бұл әскерлердің әрбіріне айына 5 мың сауд риялы (шамамен мың 300 доллар) төлегенін жеткізді.

Ақылы әскерлердің Йеменнің оңтүстіктегі Дали мен Лахидж қалаларынан екенін мәлімдеген Хасени БАӘ-нің «Йемендегі қуыршақтарын тыңшы ретінде қолданғанын және шетелге соғысқа жібергенін» атап көрсетті.

БАӘ немесе Йемен мекемелері болса тақырыппен байланысты мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар