Тель-Абядта бомбалы шабуыл жасалды

Сулук аумағында аялдаған бомба тиелген мотоцикл жарылды.

1477457
Тель-Абядта бомбалы шабуыл жасалды

Сирияның солтүстігіндегі Тель-Абяд ауданының оңтүстік шығысындағы Сулук аумағында аялдаған бомба тиелген мотоцикл жарылды. 

Қала орталығындағы зират жанында жасалған террористік шабуыл нәтижесінде 3 бейбіт адам жарақат алды. 

Шабуыл болған аймаққа барған Сирия Ұлттық Армиясы сарбаздары мен жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалғанын болжады. 

Тель-Абяд ауданының оңтүстік шығысында Сулук ауданы Түрік Қарулы күштердің операциясымен 3 қазан күні террор ұйымы YPG/PKK-дан құтқарылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар