Пәкістандағы селде 24 кісі қаза тапты

Оңтүстік Азияда әсерлі болған муссон жаңбырлары себепті Пәкістанда сел жүрді.

1476508
Пәкістандағы селде 24 кісі қаза тапты

Пәкістанның солтүстік шығысында муссон жаңбырлары себеп болған сел апатында 24 кісі қаза тапты, 18 кісі жараланды. 

Пенджаб уәлаятының басшыларынан Мұхаммед Ашхар нөсерлі жаңбыр себеп болған сел апатында көшелерді су басқанын және көптеген үйдің құлағанын хабарлады.

Сел апаты себепті 24 кісі қаза тапқанын, 18 кісінің жараланғанын білдірген Ашхар қаза болғандардың көбі құлаған үйдің астында қалғанын айтты.

Оңтүстік Азияда маусым-қыркүйек айлары арасында әсерлі болатын муссон жаңбырлары жыл сайын ауыр апаттарға да себеп болып келеді.  



Ұқсас жаңалықтар