Ковид-19 салдарынан өлім-жітім 791 мың 299-дан асты

Расталған оқиға саны 22 миллион 598 мың болды.

1476062
Ковид-19 салдарынан өлім-жітім 791 мың 299-дан асты

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 791 мың 299-дан асты.  Расталған оқиға саны 22 миллион 598 мың, сауығып кеткендер саны болса 15 миллион 316 мыңға жетті.

Эпидемиядан ең көп зиян шеккен ел Америка Құрама Штаттарында ковид салдарынан қайтыс болғандардың саны 176 мың 342-ге, вирус жұқтырған адам саны 5 миллион 701-ге жетті.

Латын Америкада эпидемияның ошағы болған Бразилияда өлім-жітім 111 мың 100-ге жетті.  Расталған оқиға саны 3 миллион 456 мың 652-ге жетті.

Мексикада вирустан қайтыс болғандардың саны 58 мың 481-ге,  вирус жұқтырған адам саны 537 мың 31-ге жетті.

Германияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны  9 мың 305-тен асты.  Елде ковид анықталғана адам саны болса 228 мың 105.

Вирустан 30 мың 451 өлім тіркелген Францияда оқиға саны 221 мың 267-ге жетті.

Испанияда вирустан қайтыс болғандардың саны 28 мың 797-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар