Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Бразилияда соңғы бір тәулікте 684 адам қайтыс болды.

1474756
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 777 мың 480-нен асты.  Расталған оқиға саны 22 миллион 52 мың 930-ға жетті.  Сауығып кеткендердің саны болса 14 миллион 796 мың 170-тен асты.

Эпидемиядан ең көп зиян шеккен ел Америка Құрама Штаттарында өлім –жітім 173 мың 716-ға жетті.  Оқиға саны 5 миллион 612 мың 27-ге жетті.

Латын Америкада эпидемияның ошағы болған Бразилияда соңғы бір тәулікте 684 адам қайтыс болды.  Осылайша елдегі өлім-жітім 108 мың 654-ке, вирус жұқтыру саны 3 миллион 363 мың 235-ке жетті.

Мексикада вирустан қайтыс болғандардың саны 57 мың 23-ке, оқиға саны да 525 мың 733-ке жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі ковид инфекциясынан соңғы жеті күнде 54 кісінің қайтыс болғанын және вируске байланысты қайтыс болғандардың санының 28 мың 646-ға жеткенін хабарлады.  Министрлік айырықша ел көлемінде жұма күнінен бері оқиға санының 16 мың артқанын білдірді.

Вирустен қайтыс болғандардың саны Италияда 35 мың 400, Францияда 30 мың 429, Перуде 26 мың 481, Колумбияда 15 мың 372, Чилиде 10 мың 513, Бельгияда 9 мың 944, Германияда 9 мың 296, Канадада 9 мың 32, Эквадорда 6 мың 83, Швецияда 5 мың 787, Aргентинада 5 мың 814 болды.



Ұқсас жаңалықтар