Мектептерде қол жуатын мүмкіндік жоқ

Әлем көлемінде мектептердің қайта ашылуының алдындағы ең үлкен кедергі - мектептерде қол жуатын мүмкіндік болмауы.

1473127
Мектептерде қол жуатын мүмкіндік жоқ

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем көлеміндегі мектептердің 43 пайызында қол жуатын жер жоқтығынан мектептердің қайта ашылуының алдындағы ең үлкен кедергінің осы екенін айтты.

Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің кейбір министрлері және  дипломаттарымен видеоконференция арқылы сөйлесті.

Коронавирустың жаңа түрімен күресте қол гигиенасының өміршең маңызды екенін атап көрсеткен Гебрейесус ДДҰ мен ЮНЕСЕФ дайындаған есеп туралы мәлімет берді. Әлем көлемінде мектептердің қайта ашылуының алдындағы ең үлкен кедергі ретінде мектептерде қол жуатын мүмкіндік болмауын көрсеткен Гебрейесус «Әлемдегі әрбір бес мектептің екеуінен көбінде қол жуатын мүмкіндік жоқ, бұл шамамен 818 миллион балаға әсер етеді. Бұл мектептердің ашылуындағы ең үлкен кедергі» деді.

Ол мектептердің көбінде таза су,  тіпті әжетхана жоқтығын айтып, «Мектептерді де қосқанда барлық жерде инфекцияны ықпалды түрде алдын алу және бақылау үшін су,  санитария мен гигиена қызметтеріне қол жетімділік болуы керек» деді.

Жаңа есепке қарағанда, 2019 жылы әлем көлемінде мектептердің 43 пайызында коронавирустан сақтанудың алғы шарты болып саналатын су және сабынмен қол жуатын мүмкіндік жоқ. Осыған сай 355 миллион баланың мектепте суы бар,  алайда сабыны жоқ. 462 миллион оқушы болса суы жоқ мектептерде оқиды.

Айырықша әлемдегі мектептердің үштен бірінде ауыз су шектеулі немесе тіпті жоқ. 698 миллион баланың мектебінде болса тазалық қызметі тапшы.



Ұқсас жаңалықтар