Бейрут жарылысында қаза тапқандар саны артты

Бейрутта өткен аптада болған жарылыста қаза тапқандар саны 177-ге жетті.

1472879
Бейрут жарылысында қаза тапқандар саны артты

Ливанның бас қаласы Бейрутта өткен аптада болған жарылыста қаза тапқандар саны 177-ге жетті.

Ливан Денсаулық сақтау министрі Хамад Хасан жергілікті бір телеарнаға жасаған мәлімдемесінде Бейрут портындағы жойқын жарылыста қаза тапқандар санының 177-ге жеткенін білдірді.

Жарылыста жоғалып кеткен, әлі табылмай жатқан 30 адам бар екенін айтқан министр 4 тамыздағы жарылыстан қайтыс болғандар санының 200-ге жетіп қалуы мүмкін екенін білдірді.

Бейрут портында 4 тамыз күні жарылғыш материалдар сақталған бір қоймада өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болған еді.


Этикеттер: #Ливан , #жарылыс , #Бейрут

Ұқсас жаңалықтар