Коронавируста соңғы жағдай

Өлім-жітім әлем көлемінде 746 мың 639-дан асты.

1471637
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 746 мың 639-дан асты. Расталған оқиға саны 20 миллион 551 мың, жазылып кеткендер саны 13 миллион 465 мың болды.

Эпидемиядан қатты зардап шеккен ел Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандар саны 167 мың 761-ге дейін өсті, елде вирус  жұқтырғандар саны 5 миллион 306 мың болды.

Латын Америкадағы індеттің ошағы деп аталған Бразилияда вирустық өлім саны соңғы 1 тәулікте көз жұмған мың 274 адамды қосқанда, 103 мың 99-ға, ал ауру саны 3 миллион 112 мың 393-ке дейін өсті.

Мексикада Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 53 926-ға, ал жұқтырғандар саны 492 мың 522-ге өсті.

Еуропада індеттің ошағы болған Англияда вирус себебінен қайтыс болғандар саны 46 мың 628 болса, 312 мың 749 жағдай тіркелді.

Италияда Ковид-19 басталғаннан бері 35 мың 215 адам қайтыс болса, 251 мың 237 адам ауруды жұқтырған.

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны Францияда 30 354, Австрияда 352-ге дейін өсті.



Ұқсас жаңалықтар