Еуроодақ сыртқы істер министрлері жиналады

Жозеп Боррель мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жұма күні кезектен тыс жиналатынын жариялады.

1471590
Еуроодақ сыртқы істер министрлері жиналады

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жұма күні кезектен тыс жиналатынын жариялады. 

Боррель твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде жұма күні түстен кейін өткізілетін жиналыста Шығыс Жерорта теңізі, Беларусь және Ливандағы  оқиғалардың қолға алынатынын білдірді.

Сыртқы істер министрлерінің видеоконференция арқылы сөйлесетіні мәлімденді. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар