Өлім-жітім әлем көлемінде 738 мың 965-тен асты

Жазылып кеткендер саны 13 миллион 189 мың 392 болды.

1470864
Өлім-жітім әлем көлемінде 738 мың 965-тен асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 738 мың 965-тен асты. Расталған оқиға саны 20 миллион 258 мың 243, жазылып кеткендер саны 13 миллион 189 мың 392 болды.

Эпидемиядан қатты зардап шеккен ел Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандар саны 166 мың 192-ге дейін өсті, елде вирус  жұқтырғандар саны 5 миллион 251 мың 446 болды.

Латын Америкадағы індеттің ошағы деп аталған Бразилияда вирустық өлім саны 101 мың 752-ге, ал ауру саны 3 миллион 57 мың 470-ке дейін өсті.

Мексикада Ковид-19-дан қайтыс болу 53 003-ке, ал жұқтырғандар саны 485 836-ға дейін артты.

Еуропада індеттің ошағы болған Англияда вирус себебінен қайтыс болғандар саны 46 мың 526 болса, 311 мың 641 жағдай тіркелді.

Италияда Ковид-19 басталғаннан бері 35 мың 209 адам қайтыс болса, 250 мың 825 адам ауруды жұқтырған.

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны Францияда 30 340 және Германияда 9265 дейін өсті.

Австралияда Виктория штатында Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 19-ға көбейіп, өлім-жітім 332-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар