Ливия Мысыр мен Грекия жасаған келісімге наразылық көрсетті

Ливия: "Түркиямен қол қойған келісімімізді табандылықпен жалғастырамыз".

1468761
Ливия Мысыр мен Грекия жасаған келісімге наразылық көрсетті

Ливия Грекия мен Мысыр арасында қол қойылғаны алға тартылған теңіз жауапкершілік алаңдарын шектеу келісіміне наразылық көрсетіп, теңіз құқығының бұзылуына рұқсат бермейтіндерін ескертті. 

Ливия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мұхаммед әл-Кавлави твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Ливия теңізіндегі құқығымызды ешкімге таптатпаймыз. Түркиямен қол қойған келісімімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді. 

Мәлімдемеші Кавлави «Жерорта теңізінің бір бейбітшілік теңізі болуы» шақыруын қайталағандарын атап, «Ливия Жерорта теңізіне шекаралас мемлекеттерді теңіз жауапкершіліктерін белгілеу тақырыбында ортақ шешім мен халықаралық заңдардың принциптеріне сәйкес қозғалуға шақырады» деді.  

Мысыр және Грекия арасында «Теңіз жауапкершілігі шектеу келісіміне» Каирде Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шүкри мен Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас кеше қол қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар