55 контейнер улы қоқыс заңсыз жеткізілген
Қоқыстар келген елдерге қайта жолданады.

Малайзияға наурыз айынан бері шетелден заңсыз түрде 55 контейнер толы улы қалдық пен пластикалық қоқыс жеткізілгені білдірілді.
Парламент отырысында оппозицияның сұрақтарына жауап берген Энергетика және су министрі Ибрахим Ман: «Коронавирустан сақтану шаралары басталған наурыз айынан бері жүргізілген тексерулерде 13 контейнерде улы қалдық, 42 контейнерде қайта өңделмейтін пластикалық қоқыс бар екенін анықтадық» деді.
Министр: «Өткен жылы 110 контейнер қалдық заңсыз жолдармен жеткізілген Жохор портында да тексеру жүргіздім. Ең қысқа уақытта осындағы контейнерлерді келген елдеріне қайта жібереміз» деді.
«Малайзия әлемнің қоқыс төгетін жеріне айналмайды. Бұдан былай елге улы қоқыс немесе қайта өңделмейтін пластикалық қалдық әкелгендерге ауыр жаза беріледі» деді ол.
Малайзия 20 қаңтар күні заңсыз жолдармен елге келген 150 контейнер пластикалық қалдықты келген елдеріне қайтарған болатын. Үкімет контейнерлердің 43-інің Францияға, 42-сінің Ұлыбританияға, 17-сінің Америка Құрама Штаттарына, 11-інің Канадаға, 10-ының Испанияға, қалғандарының Жапония, Сингапур, Португалия, Қытай, Бангладеш және Шри-Ланкаға жіберілгенін хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тан Халықаралық сотқа санкция
Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.