Өлім-жітім әлем көлемінде 698 мың 243-тен асты

Жазылып кеткендер саны 11 миллион 705 мың болды.

1466417
Өлім-жітім әлем көлемінде 698 мың 243-тен асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 698 мың 243-ке жетті. Расталған оқиға саны 18 миллион 479 мыңнан, жазылып кеткендер саны 11 миллион 705 мыңнан асты.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та қазірге дейін қайтыс болғандар саны 158 мың 968-ге жетсе, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 миллион 862 мың 285 болып тіркелді.

Бразилияда қайтыс болғандар саны 94 мың 665, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 750 мың 813 болды.

Сovid-19 салдарынан өлім-жітім Мексикада 48 мың 12-ге, оқиға саны 443 мың 813-ке жетті.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 12 адамды қосқанда, 30 мың 294 адам қайтыс болды. Жалпы оқиға саны 556 артып, 218 мың 12-ге жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 12-ге көбейіп, өлім-жітім 35 мың 166-ге жетті.

Австралияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны ел көлемінде 232 болды.



Ұқсас жаңалықтар