Өлім-жітім әлем көлемінде 693 мың 114-тен асты

Жазылып кеткендер саны 11 миллион 455 мың 780 болды.

1466010
Өлім-жітім әлем көлемінде 693 мың 114-тен асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 693 мың 114-тен асты. Расталған оқиға саны 18 миллион 252 мың 275, жазылып кеткендер саны 11 миллион 455 мың 780 болды.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та вирус салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағаттағы 1152 адамы қосқанда, 158 мың 365-ке жетті. Вирус жұқтырғандар саны 58 мың 739 артып, 4 миллион 813 мың 647 болды.

Бразилияда қайтыс болғандар саны 94 мың 130-ға, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 733 мың 677 болып тіркелді.

Сovid-19 салдарынан өлім-жітім Мексикада 47 мың 746, оқиға саны 439 мың 46 болды.

Чилиде эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 75 артып, 9 мың 608-ге, вирус анықталғандар саны болса 2 мың 81-ге көбейіп, 359 мың 731-ге жетті.

Аргентинада соңғы 1 тәулікте эпидемиядан көз жұмған 52 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 3 мың 648, вирус жұқтырғандар саны 5 мың 376-ға көбейіп, 201 мың 919 болды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда қазірге дейін 46 мың 201 адам Сovid-19-дан қайтыс болды. Елде 304 мың 695 адам вирус жұқтырды.

Косово премьер-министрі Абдуллах Хоти коронавирус жұқтырғанын жариялады. Жеңіл жөтелуден басқа симптом жоқ екенін мәлімдеген Хоти «Бүгіннен бастап екі аптаға өзімді карантинге аламын» деді. Косовода эпидемия салдарынан 249 адам қайтыс болып, 8 мың 799 адамға диагноз қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар