Ливияда 55 иммигрант ұсталды

Қауіпсіздік күштері 4 әйел мен 6 баланы қамтыған 55 иммигрант және адам қашырғаны анықталған бір Ливия азаматы ұсталған.

1466018
Ливияда 55 иммигрант ұсталды

Ливияда түрліше елден келген 55 иммигрант ұсталды.

Ливия Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Жағалау Қауіпсіздік басқармасына қарасты топтар Жерорта теңізі жағалауындағы Злитен қаласындағы бір қоймаға басып кірген.

Қауіпсіздік күштері 4 әйел мен 6 баланы қамтыған 55 иммигрант және адам қашырғаны анықталған бір Ливия азаматы да ұсталған. 

Мәлімдемеде тұрақсыз иммигранттардың астана Триполидің 150 километр шығысындағы Злитен қаласы жағасынан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға көшуге дайындалғаны білдірілді.

Ұсталған иммигранттар қаладағы Көші-қон басқармасына қарасты паналау орталығына жолданған.



Ұқсас жаңалықтар