Израиль Газаға әуе шабуылы жасады

Израиль әскери ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі бір егістікке әуе шабуылы жасады.

1466236
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласының ауыл шаруашылығы алаңы әл-Карара Израиль әскери ұшақтары тарапынан бомбаланды.

Аталмыш шабуыл Израиль армиясының жексенбі күні кешкі уақытта Газа секторынан бір зымыран оғының Газа шекараларына паралельді бір аймақтан лақтырылып, «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылғанын жариялауының артынан жасалды.

Шабуылда адам шығыны жайлы нақты мағлұмат берілмеді. Израиль алға тартқан шабуылды Газа секторындағы топтардан қазірше ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар