Трамп президенттік сайлауды кешіктіруді сұрады

Дональд Трамп қараша айында өткізілуі жоспарланған президенттік сайлаудың жаңа типті коронавирус індеті себепті кешіктірілуін ұсыныс етті.

1464798
Трамп президенттік сайлауды кешіктіруді сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында өткізілуі жоспарланған президенттік сайлаудың жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті кешіктірілуін ұсыныс етті. 

Дональд Трамп 3 қараша күні өткізілуі жоспарланған президенттік сайлауды кешіктіру ұсынысын әлеуметтік желіден тілге тиек етті. 

Трамп коронавирус себепті алыстан почта арқылы дауыс берудің сайлауда мәселе туғызатынын айтты.

Трамп: "2020 сайлауы тарихтағы ең қате және әділетсіз сайлау болады" деді.

Дональд Трамп сайлауды адамдар сенімді және дұрыс дауыс беретін бір кезге кешіктіруді сұрады.

Трамп коронавирус індеті себепті болған көптеген жан шығыны мен экономикадағы артқан қиыншылықтар себепті сынға алынуда.

Соңғы сауалнамалар Трамптың кейбір шаттарда Демократ бәсекелесі Джо Байденнен кейін қалғанын көрсетуде. 



Ұқсас жаңалықтар