Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 677 мың 533-тен асты

Расталған оқиға саны 17 миллион 511 мың 600 болды.

1464843
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 677 мың 533-тен асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 677 мың 533-тен асты. Расталған оқиға саны 17 миллион 511 мың 600, жазылып кеткендер саны 10 миллион 965 мың 390 болды.

91 мың 263 адам эпидемиядан қайтыс болған Бразилияда 2 миллион 610 мың 102 адам вирус жұқтырды. Вирус жұқтырғандар арасында Мемлекет басшысы Жаир Мессиас Болсонаруның жұбайы Мишель Болсонару да бар. Мишель Болсонаруның денсаулық жағдайының жақсы екені білдірілді.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 16 адамды қосқанда 30 мың 254 адам қайтыс болды. Жалпы оқиға саны мың 377 артып, 216 мың 110-ға жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 3-ке көбейіп, өлім-жітім 35 мың 132-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар