Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 670 мың 310-нан асты

Жазылып кеткендер саны 10 миллион 706 мың болды.

1464457
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 670 мың 310-нан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 670 мың 310-нан асты. Расталған оқиға саны 17 миллион 195 мың, жазылып кеткендер саны 10 миллион 706 мың болды.

153 мың 845 адам қайтыс болған АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 4 миллион 568 мың 375-ке жетті.

Бразилияда Сovid-19 салдарынан өлім-жітім 90 мың 134, оқиға саны 2 миллион 552 мың болды.

Мексикада Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 485-ке көбейіп, 45 мың 361-ге, вирус жұқтырғандар саны 5 мың 752 артып, 408 мың 449-ға жетті.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 15 адамды қосқанда 30 мың 238 адам қайтыс болды. Жалпы оқиға саны мың 392 артып, 214 мың 733-ке жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 6-ға көбейіп, өлім-жітім 35 мың 129-ға жетті.

Австралияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 13 адам қайтыс болды. 744 адам коронавирусты жұқтырды.

Испанияда Сovid-19 салдарынан 1 аптада қайтыс болған адам саны 10 есе көбейіп, 28 мың 401 болды. Оқиға саны  253 мың 56 болды.



Ұқсас жаңалықтар