Батыс елдерінде коронавирус

Ковид-19 салдарынан қайтыс болғандардың  саны әлем бойынша 655 мыңнан асты.

1462993
Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың  саны әлем бойынша 655 мыңнан асса, вирус жұқтырғандардың саны 16 миллион 597 мыңнан асып, сауығып кеткендер саны 10 мың 143 мыңды құрады.

150 мыңнан астам адам шығыны бар, 4 миллион 422 мың адам вирус жұқтырған, індет ошағы АҚШ-та президент Дональд Трамп таяу күндері коронавирустың жаңа түріне қарсы екінші екпе үміткерінің дайын болатынын мәлімдеді.

Францияда адам өлімі 30 209 болды,  соңғы 24 сағат ішінде эпидемияның салдарынан тағы 17 адам қайтыс болды. Коронавирусты жұқтырған адамдардың  саны 515-ке көбейіп, 212 616-ға жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігінен өзгеше мәліметтер келтіретін Каталонияның автономды әкімшілігі соңғы 24 сағат ішінде 3 адам қайтыс болғанын, 724 жаңа жағдай анықталғанын білдірді. Автономиялық үкіметтің президенті Квим Торра Ковид-19-дың «сын кезеңінде» екендерін айтты және наурыз айындағы жағдайға кері оралмау  үшін сақтық шараларын сақтауға шақырды. Торра: «Мен үстелімде қайтыс болған 7000  адамның тізімін қайтадан көргім келмейді. Бұған жол бермеу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Егер бірге қозғалмасақ,  қайталанады. Біз жаздың ең маңызды 10 күніндеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар