Үндістанда сел апатынан көз жұмған саны 119-ға ұласты

Үндістанның Ассам уәлаятында нөсерлі жаңбыр себеп болған сел мен топырақ көшкіні апатында қаза тапқандардың саны 119 кісіге көбейді.

1460947
Үндістанда сел апатынан көз жұмған саны 119-ға ұласты

Үндістанда су тасқынынан қайтыс болған адам саны 119-ға ұласты.  

Үндістанның Ассам уәлаятында нөсерлі жаңбыр себеп болған сел мен топырақ көшкіні апатында қаза тапқандардың саны 119 кісіге көбейді.

Үндістан жергілікті баспасөзінің хабарына қарағанда Ассам уәлаяты апат басқару ұйымынан жасалған мәлімдемеде 119 адам көз жұмған уәлаяттағы сел апатынан осы таңға дейін мөлшермен 2,8 миллион адамның зардап шеккені білдірілді. 

Су тасқынан 2500-ден астам ауыл су астында қалса, апат аймағынан құтқарылған 280 адам үшін жәрдем лагері құрылды. 

Бірнеше күн бұрын басталып, әлі тоқтаған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр. Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті. Су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр.

Шай өнімдерімен әйгілі Ассамда әр жылы жауын-шашын маусымында шай егетін алаңдары су астында қалуда. 

Сел апаты салдарынан Ассам бойынша 120 гектарлық егістік алаңы зиян тартты. 

БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлем Мұралары тізіміне енген Үндістандағы ринокеростың үлкен үйі 430 текше метрлік алаңға ие Казиранга Ұлттық саябағының 85 пайызы су астында қалғаны хабарланды.

 



Ұқсас жаңалықтар