Шығыс елдерінде коронавирус

Сауығып кеткендердің саны 8 миллион 828 мың.

1458674
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандар  саны әлем бойынша 611 мыңнан асып, вирус жұқтыру  саны 14 миллион 803 мыңнан асты. Сауығып кеткендердің саны 8 миллион 828 мың.

Мароккода Ковид-19 салдарынан 3 адам қайтыс болып, 326 адам вирус жұқтырған. Осылайша елде адам өлімі 276-ға, жұқтырған адам  саны 17 мың 562-ге дейін өсті.

Ливиядағы Ұлттық аурулармен күрес орталығының жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Ковид-19 салдарынан тағы бір адам қайтыс болды, 40 жаңа жағдай тіркелді. Вирустың салдарынан өлім-жітім 49, ал жұқтырғандар саны 980 болды.

Ливанда дәрігер екені айтылған бір кісі Ковид-19дан қайтыс болды. 46 адамда вирус табылды деп хабарланды. Елде адам өлімі 41-ге, ал вирус жұқтыру  саны 2 мың 100-ге дейін өсті.

Соңғы бір тәулікте Африкада вирустың әсерінен 140 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы  саны 5 173-ке, ал вирус жұқтыру  саны 9 мың 300 артып, 373 мың 628-ге дейін өсті.



Ұқсас жаңалықтар