Сириядағы шабуылда 5 кісі қаза тапты

Азаз ауданында жасалған террорлық лаңкестікте алғашқы санаққа қарағанда 5 бейуаз азамат қаза тапты, 85 бейуаз да жараланды.

1457879
Сириядағы шабуылда 5 кісі қаза тапты

Сирияның Азаз ауданында бөлшектеуші террористік ұйым PKK/YPG тарапынан бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған террорлық лаңкестікте алғашқы санаққа қарағанда 5 бейуаз азамат қаза тапты, 85 бейуаз да жараланды.

Оппозицияның басқаруындағы Азаз ауданының Сижжу ауылындағы жарылыста жараланғандар аймақтағы және Түркиядағы емханаларға жолданды.

Қауіпсіздік хабар көздері террордан тазаланған аймақтардағы бомбалы шабуылдардың бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK тарапынан жасалғанын, алайда бейуаз азаматтар зиян тартқаны себепті террор ұйымының оқиғаны мойнына алудан қашқанын білдірді.

Кеше азанда Африн аудан орталығында Сирия Ұлттық армиясы көлігіне қойылған бомбаның жарылуы салдарынан 13 кісі жараланған болатын.

Бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK террористері Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазанда жасалған келісім бойынша кетуге тиісті Тель Рыфат ауданынан Баб, Азаз, Джераблус және Африн аймақтарына жиі-жиі террорлық шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар