Ауғанстанда 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятында қарулы шабуыл жасады.

1458304
Ауғанстанда 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятында қарулы шабуыл жасады. Шабуылда 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. 

Кундуз уәлаяты мәлімдемешісі Эсматуллах Мұради Кундуз орталығында Шинвариха және Рустай Казак аймағындағы полиция басқармасына қарулы шабуыл ұйымдастырғанын айтты. 

Мұради шабуылда 8 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын және 5 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын білдірді. 

Осы тақырып жайлы Талибан әлі бір мәлімдеме жасаған жоқ. 

 



Ұқсас жаңалықтар