Малайзия Израильдің БҰҰ-нан шығарылуын ұсынды

Малайзия Парламенті Израильдің БҰҰ мүшелігінен шығарылуына байланысты Малайзияның талпыныс көрсетуі үшін үкіметке ұсыныс жасады.

1456506
Малайзия Израильдің БҰҰ-нан шығарылуын ұсынды

Малайзия Парламенті Израильдің БҰҰ мүшелігінен шығарылуына байланысты Малайзияның талпыныс көрсетуі үшін үкіметке ұсыныс жасады.

Парламенттегі Палестина Достық тобының төрағасы және оппозициядағы Халықтың Әділеті партиясының депутаты Сеид Ибрахим Нух Израильдің Батыс Шериядағы жаулап алу жоспарына қарсы Малайзия үкіметінің Ислам Ынтымақтастық ұйымымен бірге әрекет жасап, Израильді БҰҰ мүшелігінен шығаруды ескертуін ұсыныс етті.

Депутат Сеид Ибрахим ұсынысында Израильдің Батыс Шериядағы жаулап алу жоспары және АҚШ президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі Орта Шығыс бейбітшілік жоспарының талқылануы үшін Мәжілісте арнайы отырыс өткізу талабы да білдірілді.

Сеид Ибрахимнің ұсынысының билік басындағы және оппозициядағы партиялар тарапынан ортақ дауыспен қабылдануынан кейін Мәжіліс төрағасы Аджар Харун жарты сағаттық арнайы отырыс өткізуге шешім жасады.

Израильдің БҰҰ мүшелігінен шығарылуына байланысты Малайзия үкіметінің шақыру тастауына бағытталған үсыныс арнайы отырыста мақұлданды.   



Ұқсас жаңалықтар